×

Астана әуежайы әуе рейстерінің жұмысын тоқтатып жатыр

Жоспарланған 72 рейстің ұшатын 7 рейсі, ұшып келетін 8 рейсі тоқтатылды

 Еркеғали Болатұлы 08.02.2024 | 16:29
фото: дереккөз

Қатты желдің салдарынан Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылып, тағы 18 рейс кешіктірілді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Астана әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с-ке дейін қатты жел соғып тұр. Бұл ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Жоспарланған 72 рейстің ұшатын 7 рейсі, ұшып келетін 8 рейсі тоқтатылды. Сонымен қатар ұшатын 6 рейс, ал ұшып келетін 12 рейс кешіктіріледі, - делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстерінің мәртебесі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпарат алу үшін әуе компанияларымен байланысуы керек.

Аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Ол үшін 23 арнайы техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама