×

Алматыдағы апат: тағы үш адамның мәйіті табылды

ТЖМ психологтары олардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр

 Динара Амантай 08.02.2024 | 13:05
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан қираған үй үйіндісінің астынан тағы 3 адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түскен. Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізіп жатыр.

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып, үйінді астынан алып шықты, – делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ психологтары олардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда лай көшкіні 2 үйді басып қалып, 4 адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. ТЖМ сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2007 жылы туған баланың денесі табылғанын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама