×

«Үйінді астынан төрт адам іздестіріліп жатыр»: Алматыда лай көшкіні 2 үйді басып қалды

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды

 Халық үні 08.02.2024 | 08:02
фото: ТЖД

Оқиға орнында Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖД күштері іздеу жұмыс істеп жатыр. 

8 ақпан күні түнде Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында көлемі 3200 текше метр болатын көшкін түскен. Салдарынан екі жеке тұрғын үйге зақым келген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан жылжыманың түскендігі туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды, - деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар қызметі.

Сондай-ақ ТЖД мәліметінше, жақын маңдағы тұрғындар №47 мектепке эвакуацияланды.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда, - делінген ТЖД ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама