×

Алматы – Өскемен пойызында сәби дүниеге келді

Нәрестенің анасына босануға жолсеріктер көмектескен

 Халық үні 07.02.2024 | 21:27
Фото: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы

Алматыдан Өскеменге бағыт алған №352 пойызда сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Нәрестенің анасына босануға жолсеріктер көмектескен.

Екіаша - Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталды. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдаққұлова және пойыз бригадасының басқа қызметкерлері жас анаға қажетті көмек көрсетті. 7 ақпанда сағат 13:30-да қыз бала дүниеге келді, - дейді ведомство.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Өскемен станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәби мен оның анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама