×

Александр Уваров – ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

Әлібек Рақымберді 298 келі көтеріп, 5-орынды қанағат тұтты

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2024 | 14:47
Фото: Тұрлыжан Айтенов

Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан құрамасында 2 спортшы помостқа шықты. Соның бірі – 81 келіге дейінгі салмақта Александр Уваров күміс медаль иеленді.

Ол биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарында жұлқа көтеруде қола жүлдені (153 келі), серпе көтеруде 190 келі зілтемірді басынан асырып, қоссайыс қорытындысында 343 келі көрсеткішпен 2-орынды иеленді.

Ташкентте тағы бір ауыр атлетикадан спортшымыз Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді.

Бас жүлдені ерлер арасындағы 153 келі салмақта 369 келі (169+200) нәтиже көрсеткен Солтүстік Кореяның атлеті Ри Чонг Сонг жеңіп алса, күміс медальді 343 келі зілтемірді көтерген Александр Уваров (153+190), қола жүлдені Түрікменстанның өкілі Гайгысыз Тораев иеленді. Ол 337 келіні (148+189) басынан асырды.

Әлібек Рақымберді 298 келіні (130+168) көтеріп, 5-орынды қанағат тұтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама