×

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Ол Президент күзет қызметі басшысы қызметін атқарған

 Халық үні 06.02.2024 | 19:36
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Шыңғыс Әрінов тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған Жарлықта.

Шыңғыс Сайранұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.

2006-2022 жылдары  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғысхаттармен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама