×

Тамақтан улану туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Бүгінде аталған жағдайды зерттеу бойынша жұмыс комиссиясы құрылды

 Динара Амантай 06.02.2024 | 13:47
Фото: Halyq Uni

Сарыағаш ауданындағы мектептің мұғалімдері мен оқушыларының тамақтан уланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, дүйсенбі күні таңертең балалар бояудың иісінен қолайсыздық сезініп, дереу жедел жәрдем шақырылған. Оқушылар ауруханада бір сағатқа жуық болып, одан кейін бірден үйлеріне жіберілді. Қазір олар онлайн форматта білім алып жатыр.

Тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Бүгінде аталған жағдайды зерттеу бойынша жұмыс комиссиясы құрылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сарыағаштағы мектепте оқушылар мен мұғалімдердің жаппай уланғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама