×

Сарыағаштағы мектепте оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланды

Жедел жәрдем 29 бала мен 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып кеткен

 Халық үні 05.02.2024 | 22:27
фото: Halyq Uni

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде өздерін жайсыз сезінген 29 оқушы мен 10 мұғалім ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жағдай қазір Түркістан облысы білім басқармасының назарында.

Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Сарыағаш ауданындағы жағдайға байланысты арнайы іссапармен барды. Мектеп ұжымы мен ата-аналармен кездесіп, екі жақтың уәжін тыңдады. Дүйсенбіде оқушылар мен мұғалімдер мектепке келгеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен, - делінген Түркістан облысы білім басқармасының мәлімдемесінде.

Мәліметке сәйкес, жедел жәрдем 29 бала мен 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып кеткен. Тексерістен өткен 29 оқушы мен 8 мұғалімнің жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін барлығы үйлеріне қайтарылған. Ал қалған 2 мұғалім ауруханада.

Оқушылардың алдағы 3 күнде қашықтан білім алатыны туралы шешім қабылданды.

Қазір оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда.

Аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шаралар қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама