×

Еліміздің 5 облысында жолдар жабылды

Көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді

 Динара Амантай 06.02.2024 | 11:01
Фото: видеодан скриншот

Бүгін сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысында 1 учаске:

  1. «Самара-Шымкент» – 776-965 шақырым, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ кенті – 189 шақырым.

Жетісу облысында 1 учаске:

  1. «Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 шақырым.

Қостанай облысында 2 учаске:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – 252-335 шақырым, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы – 83 шақырым;
  2. Екатеринбург-Алматы» – 686-729 шақырым, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасы – 43 шақырым.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 учаске:

  1. «Екатеринбург-Алматы» – 729-768 шақырым, Қостанай облысының шекарасы-Тоқсан би ауылы – 36 шақырым;
  2. «Жезқазған-Петропавл» – 595-671 шақырым, Тоқсан би ауылы-Явленка ауылы – 76 шақырым;
  3. «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасына дейін» – 0-31 шақырым, Тимирязево ауылы-облыс шекарасына дейін – 31 шақырым.

Ұлытау облысында 1 учаске:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – 137-252 шақырым, Ұлытау кенті-Қостанай облысы шекарасы – 115 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама