×

«Арамызда сатқындар бар»: Шымкентте шенеунікті әкімнің жиналысы кезінде ұстап әкетті (ВИДЕО)

Әр нәрсенің сұрауы бар... 

 Халық үні 06.02.2024 | 08:48

Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасының басшысын ұстап әкетті. Ұстау сәті түсірілген видеоны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады

Видеороликтен әкімнің жемқор шенеуніктер де, адал шенеуніктер де жұмыс істейтінін айтқанын көруге болады. Сосын жиналыс барысында кабинетке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері келіп, Азат Момыновқа тергеу шараларын жүргізу үшін келіп тұрғанын айтады.

Жемқорлықтың салдарынан мемлекет тарапынан бастау алған көптеген жобалардың халыққа пайдасы тиісті деңгейде тимей келгенін бәріміз білеміз. Отанымыздың қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі шараларға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сай бұл саладағы жұмыстар барынша күшейтіліп, өз жемісін беріп жатыр.

Әр мемлекеттік қызметші өз қызметінде алдымен халықтың игілігін ойлап, соған сүйене шешім қабылдауы керек. Сондықтан алғашқы күннен бастап әкімдік және әкімдікке қарасты мекеме қызметкерлеріне осы туралы айтып келе жатырмын. Жіберілген кемшілік пен жасалған қатенің ең өрескелі, еш кешірілмесі – халық аманатына қол сұғу. Мұндай әрекеттерге көз жұмып қарай алмайтынымды 5 ай бойы барша әріптестеріме үздіксіз ескертумен келемін. Бұл мәселені құқық қорғау органдарының өкілдерімен де бірнеше мәрте талқылаған болатынбыз», - деді әкім әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырған.

Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісі үстінде аталған азаматты тергеу жұмыстары жүргізілетін уақыт аралығына қамаққа алу мүмкіндігі берілді. Көпшіліктің көз алдында болған бұл жағдай сол жиынға қатысқан әкімдіктің басшылық құрамымен қатар, барша қызметкерлерге ой салар деп білемін. Әр нәрсенің сұрауы барын, бірінші кезекте сұрау салар адам бар екенін әріптестерімнің ұмытпағаны жөн.

Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды. Тек қана еңбекті адал атқарып, міндетімізді абыройлы орындап, ел алғысына бөленуіміз қажет», - деді Ғабит Сыздықбеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама