×

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады

 Динара Амантай 05.02.2024 | 16:26
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
  2.  Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
  3.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін, – делінген құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама