×

Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету сапасы артады

Әлемнің 27 елімен халықаралық әуе қатынасы орнатылды

 Динара Амантай 05.02.2024 | 13:58
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Көлік министрлігінде вице-министр Талғат Ластаевтың басшылығымен республикалық және облыстық маңызы бар 20 әуежайдың барлық басшыларымен және авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшыларымен жолаушыларды тексеру және оларға қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде азаматтық авиация саласының негізгі көрсеткіштері қарқынды өсуді көрсетіп отыр. 2023 жылы әуежайлар 26 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Оның ішінде отандық әуе компаниялар 13,3 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 21% жоғары.

Қазақстанның 27 елмен халықаралық әуе қатынасы орнатылды. Рейстер аптасына 484 рейс жиілігімен 86 бағыт бойынша 4 қазақстандық және 30 шетелдік әуе компанияларымен орындалады.

Мәдени, дәстүрлі және діни ерекшеліктері бар Парсы шығанағы, Азия және Еуропа елдерімен бағыттық желі оң қарқынмен кеңейіп жатыр. Осыған байланысты әуе жолаушыларына қызмет көрсету кезінде олардың бірегейлігін ескере отырып, стандарттар мен талаптарды түбегейлі қайта қарау қажеттілігі атап өтілді.

Елімізде туризмді дамыту және инвестиция тарту бойынша барлық жұмыс әуежайларда төмен қызмет көрсету сервисімен нивелирленуі мүмкін екенін ескеру қажет. 

Кеңес қорытындысы бойынша әуежайларға жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін мына бағыттар бойынша жұмысты күшейту көрсетілген:

  • Біріншіден, әуежай қызметкерлеріне сыпайылық, әдептілік, мейірімділік, жанашырлық таныту;
  • Екіншіден, тексеру қызметкерлеріне ұшу алдындағы тексеру жүргізу кезінде әуе жолаушыларының этникалық, мәдени және діни бірегейлігінің ерекшеліктерін ескеру;
  • Үшіншіден, кадрларды іріктеу кезінде шет тілдерін білуге назар аударып, қызметкерлер үшін KPI қалыптастыру кезінде ең жақсы қасиеттерді ескеру;
  • Төртіншіден, Астана қаласы әуежайының мысалында авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері үшін бірыңғай нысан мен айырым белгілері бекітіледі;
  • Бесіншіден, авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлерінде кеуде бейнетіркегіштер енгізіледі;
  • Алтыншыдан, әуе жолаушыларын тексеру кезінде мәдениет пен сервис деңгейін арттыруды көздейтін персоналдың түрлі тренингтер мен курстардан міндетті түрде өтуі жөніндегі стандарттар мен талаптарды қайта қарау көзделген.

Сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жолаушыларға қызмет көрсету және ұшу алдындағы тексеру жүргізу кезінде әуежай қызметкерлерінің мәдениетін арттыруды ерекше бақылауға алу және тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама