×

Конституциялық соттың нақты қай мәселелерге жауап беретіні түсіндірілді

КС заң нормаларының Ата заңға сәйкестігін тексереді

 Дәурен Ерболат 05.02.2024 | 11:06
Фото: kursiv.media/ Асқар Ахметуллин

Конституциялық сот қандай мәселелерге жауап беретінін түсіндірді, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Конституциялық сот жоғары сот инстанциясы ма?

  • Жоқ, Конституциялық сот – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган, ол жалпы юрисдикциядағы соттарға жатпайды.

Конституциялық соттың шешімдері лауазымды тұлғалардың әкімшілік актілерінің күшін жоя ма?

  • Дұрыс емес. Азаматтың өтініші бойынша Конституциялық сот нақты жағдайда адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын НҚА нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексереді. КС соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.

Азаматтардың өтініші бойынша Конституциялық сот сайлау нәтижесінің күшін жоя ма?

  • Қате түсінік. КС дау туындаған жағдайда президенттің, Парламент палаталары төрағаларының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде 5/1 бөлігінің, премьер-инистрдің өтініші бойынша ғана президент, Парламент депутаттарын сайлауды және республикалық референдум өткізудің дұрыстығын шешеді.

Конституциялық құқық бұзылған жағдайда КС соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтардың мүддесін қорғай май?

  • Жоқ. Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде конституциялық іс жүргізуде де, соттар мен мемлекеттік органдарда да өкіл ретінде адвокаттар, заң консультанттары және заңды өкілдер ғана азаматтардың мүддесін қорғайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама