×

Скляр Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысымен танысты

Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 13:13
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ол Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Маслан Каналимовпен бірге алдымен құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университетінде болды. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал етеді.

Сонымен қатар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясындағы спорт нысандарына барды.

Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстарынан хабардар етілді, - делінген хабарламада.

Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді. Сондай-ақ «Астана-Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді.

Айта кетері, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ұлттық музей, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама