×

Қазақстандық боксшы қыздар Испаниядағы турнирде 2 алтын медаль иеленді

Финалда Қазақстан намысын 9 спортшы қорғады

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 11:00
фото: kfb.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2024 турнирінде 2 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Жазира Орақбаева (52 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда Қазақстан намысын 9 спортшы қорғады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

  • 48 келі. Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Кармен Гонсалес Ортега (Испания) - 1:4
  • 50 келі. Назым Қызайбай (Қазақстан) - Айра Виллегас (Филиппин) - 2:3
  • 52 келі. Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Каелла Мопин (Франция) - 4:1
  • 54 келі. Әнел Сақыш (Қазақстан) - Сирин Шаараби (Италия) - 0:5
  • 63 келі. Аида Әбікеева (Қазақстан) - Сача Хайки (Англия) - 0:5
  • 70 келі. Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Чен Ныен Чин (Тайвань) - 0:5
  • 75 келі. Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Херги Басядан (Филиппин) - 0:5
  • 81 келі. Фариза Шолтай (Қазақстан) - Эмбер Мосс-берч (Англия) - 0:5
  • +81 келі. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Сайра Гарсиа Гарай (Испания) - 5:0

Серіктес жаңалықтары

Сараптама