×

Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

Маргарита Артемьева мен Мария Кузнецова мәреге екінші және үшінші болып жетті

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2024 | 12:40
Фото: olympic.kz

Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды.  

1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді.

Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты.

Жапонияға 23 елдің 170 өкілі жиналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама