×

ТЖМ күштері бір тәулікте 230-дан аса адамды құтқарды

Ведомство өкілдері азаматтарды алыс сапарларға шықпауға шақырады

 Динара Амантай 02.02.2024 | 09:44
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ күштері бір тәулікте 230-дан аса адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 160 жедел шығу жасады. Оның 62-і өрттер мен жану оқиғаларына, 98-і іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан. Бұл ретте 234 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама