×

Кувейттен Түркістанға жеткізілген діни мазмұндағы кітаптар тәркіленді

Оларды 34-66 жастағы азаматтар алып келген

 Еркеғали Болатұлы 01.02.2024 | 16:27
фото: polisia.kz

Түркістан әуежайында көлік полицейлері 2 жолаушыдан діни мазмұндағы 53 кітапты тәркіледі.

Кувейт-Түркістан бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 34 және 66 жастағы азаматтардың елімізде тыйым салынған әдебиеттерді алып келгені анықталды.

Заң бұзушы жолаушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама