×

Азия кубогы: Өзбекстан да ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

Бүгін 1/8 финалда Бахрейн Жапониямен, Иран Сириямен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2024 | 10:54
Фото: sports.ru

Қазір Катарда футболдан Азия кубогы үшін өтіп жатқан турнирде Өзбекстан ұлттық құрамасы да Тәжікстан командасы сияқты ширек финалға шықты.

Өзбекстан құрамасы Таиланд елінің өкілдерін 2:1 есебімен жеңіп, ¼ финалға жолдама алды. Енді ала тақиялы ағайындар жартылай финалға шығу үшін алаң иелері – Катар командасымен күш сынасып көреді.

Катар – Азия кубогының қазіргі иегері. Бұл команда ¼ финалда Палестинадан 2:1 есебімен басым түсті.

Осы құрамалардан бөлек, ширек финалда Тәжікстан Иордания футболшыларымен, Аустралия Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ал бүгін 1/8 финалда Бахрейн Жапониямен, Иран Сириямен ойнайды.

Ширек финалдың матчтары 2-3 ақпанда болады. Тәжікстан Иорданиямен 2 ақпанда ойнаса, Өзбекстан Катармен 3 ақпанда жолығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама