×

Орал тұрғыны 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуд

 Халық үні 30.01.2024 | 22:39
фото: astana.tv

Оралда полиция қызметкерлері 29 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген адамды анықтады.

Өңірлік полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген Орал тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама