×

Астанада 20-ға жуық учаскеде тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар салынады

Қазір екі нысанның ісі сотта, қалғандары бойынша шешім бар

 Динара Амантай 30.01.2024 | 14:21
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада нүктелік құрылысқа қарсы күрес жүріп жатыр. 20-ға жуық учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар – мектептер, емханалар, қоғамдық кеңістіктер (гүлзарлар, желекжолдар, аулалар), балабақшалар пайда болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаладағы осындай 22 нысаннан хабарымыз бар. Олар бойынша көрші үйлердің тұрғындарының бастамашыл топтарымен және құрылыс салушылардың өкілдерімен белсенді жұмыс істейміз. Қазір екі нысанның ісі сотта, қалғандары бойынша шешім бар. Учаскелер тұрғындардың пікірін ескере отырып, әлеуметтік нысандарды салу үшін пайдаланылатын болады. Мысалы, Есіл өзенінің жағасында, Косыгин көшесінің ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізіліп, көппәтерлі тұрғын үй кешендері гүлзарға ауыстырылды. «Copenhagen» ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені алаңға ауыстырылды. Nova city ТК ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешені білім беру орталығына, «Қалалық романс» ТК ауданында мектепке, балабақша мен скверге және т.б. ауыстырылды, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ Астана қаласының әкімі биыл қаңтардан бастап инженерлік желілерсіз және бас жоспарсыз құрылысқа рұқсат берілмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, егер қандай да бір құрылыс компаниясы құрылысты техникалық шарттардың толық пакетінсіз жалғастырса, құрылыс учаскелеріндегі жұмыс толығымен тоқтатылады және компания жосықсыз компаниялардың «қара тізіміне» енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама