×

Марстан ежелгі көл орны мен тау жыныстары табылды

Кен орындары шамамен 3 миллиард жыл бұрын пайда болған

 Еркеғали Болатұлы 29.01.2024 | 12:50
фото: trashbox.ru

NASA-ның Perseverance ровері Марс бетінен ежелгі көл шөгінділерін тапты, деп хабарлады Reuters.

Ғарыш кемесі арнайы радар көмегімен Езеро кратеріндегі топырақты зерттеп, екі өлшемде беткі қабаттың 20 метр тереңдіктегі суретін алған.

Табылған тау жыныстарының қабаттары өзеннің арқасында кратерге түскен болуы мүмкін. Орбиталық суреттер мен басқа да деректер бұл нұсқаның орынды екенін растайды.

Болжам бойынша, кен орындары шамамен 3 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ғалымдар Марстың кейбір аймағы микробтар тіршілік ететін сумен жабылған болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан ровер жинаған үлгілерді алғаннан кейін ғалымдар қосымша зерттеулер жүргізеді.

2023 жылдың көктемінде америкалық SpaceX компаниясының иесі Илон Маск 3-4 жылдан кейін Марсқа өте ауыр ғарыш кемесі ұшатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама