×

Алматыдан 262 шақырым қашықтықта 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды.   

 Халық үні 26.01.2024 | 06:33
Фото: aikyn.kz

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта 5,7 магнитудалық жер сілкінісі болды.   

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.  

«Талғар қаласында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді» - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама