×

Түркістан облысының шаруалары далаға қырыққабат егіп жатыр

Науқаны қазір Ақтөбе ауылдық округінің Бозсу, Қияжол, Ескіқорған ауылында қызған

 Еркеғали Болатұлы 25.01.2024 | 16:10
фото: Келес ауданының әкімдігі

Түркістан облысының Келес ауданындағы шаруалар «қысқы шілдеде» диқаншылықты бастап кетті.

Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқаны қазір Ақтөбе ауылдық округінің Бозсу, Қияжол, Ескіқорған ауылында қызу жүріп жатыр. Бүгінде «Әділбек-Е» ЖШС-нің шаруалары 20 гектар аумаққа қырыққабаттың ерте пісетін «Фарао» сортын еккен.

15 жылдан бері көкөністің қырыққабат түрін егіп келемін. Көшеттерді үй ауласындағы жылыжайда дайындаймыз. Жеріміздің құнарлы болуына және климаттың ыңғайлылығына байланысты, жылына ашық алқаптан 2 немесе 3 өнім алуды да жолға қойдық, – дейді шаруа Ержігіт Қалықұлов.

Еске сала кетсек, өткен жылы келестік шаруалар 26 мың гектардан астам суармалы жерге егін егіп, 543 мың тоннадан астам өнім алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама