×

Қырғызстанда қылмыс әлемнің серкесінен көмек сұраған депутат қамалды (ВИДЕО)

Бұл не деген ақымақтық?! – деді ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2024 | 15:06
Фото: Bakyt Тоrоgeldi uulu

Бүгін Қырғыз Республикасы Жогоргу Кенешінің депутаты Эмил Жамгырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Жамгырчиевке «қылмыстық жауаптан жалтару мақсатында басқа елге шекарадан заңсыз өткісі келді» деген айып тағып отыр, деп хабарлады sputnik.kg.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев Эмил Жамгырчиевтің «Өзбекстандағы қылмыс әлемінің серкесі» Салим Абдуалиевке («Салимбой», «Салим бойвачча») жазған хатын көрсетіп, депутаттың қырғыз елінің ұлттық мүддесіне қайшы қызмет етіп жатқанын атап айтқан болатын.

Білесіздер ме, Эмил Жамгырчиев Салим Абдуалиевке хат жазып, одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық?! – деген еді Камчыбек Ташиев.

Ол депутат Жамгырчиев 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентте Салим Абдуалиевпен кездескенін айтты.

Бүгін қамауға алынған Жамгырчиев болса, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, саяси қудалауға ұшырадым деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама