×

Алматы маңында тағы үш рет жер сілкінді

5,2 магнитудалық жер сілкінісі болған 

 Халық үні 24.01.2024 | 23:56
Фото: moskva.bezformata.com

Алматы маңында тағы да жер сілкінді, деп хабарлады ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі.

Желідегі деректерге қарағанда, 5,2 магнитудалық жер сілкінісі 24 қаңтар күні сағат 21:01 кезінде болған. Зілзаланың ошағы Алматыдан 256 км қашытықта Қырғызстан мен Қытай шекарасында жатыр. Қазақстан аумағында ол сезілмеген.

Екінші рет жер сағат 21:04 кезінде сілкінген, магнитудасы 5,1. Зізала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 км қашықтықта Қырғызстан мен Қытай аумағында жатыр. Қазақстанда бұл жолы да жерасты дүмпуі сезілмеген.

Үшінші рет жер сілкінісі соңғысынан кейін 16 минут өткенде, яғни сағат 22:20-да болған. Магнитудасы 4,8. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама