×

Еліміздің қай облыстарында жер сілкінісінің қаупі бар

Соңғы кездері Қазақстанның батыс өңірінде – Атырау, Ақтөбе мен Ақтау жақта жер сілкінісі жиі болып жатыр

 Халық үні 24.01.2024 | 20:48
Фото: Тимур Батыршин

Қазақстанның батысында жер сілкінісі жиілеп кетті. Ал осы өңірінде сейсмикалық жағдайды бақылайтын станциялар тым аз. Бұл туралы орталық сейсмикалық обсерваторияның басшысы Жансая Досымбекова мәлімдеді. 

Қазіргі кезде батыс облыстарында үш-ақ станция жұмыс істейді. Олардың саны үш есе артық болуы тиіс.

Мысалы, соңғы кездері Қазақстанның батыс өңірінде – Атырау, Ақтөбе мен Ақтау жақта жер сілкінісі жиі болып жатыр. Ол жерде Ақтауда бір станция, Ақтөбеде біреуі, сондай үш-ақ станциямыз бар. Ал жер сілкінісінің эпицентрін жасау үшін бір облыста кем дегенде 3-4 станция болуы керек. Ол үш станциямыз үш облыста тұр. Оның өзі жеткіліксіз, - деді Досымбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Осы орайда обсерватория басшысы мамандар мәселесіне де тоқталды. Қазақстанда сейсмологтар 2002 жылдан бері даярланып келеді. Бірақ түлектердің көбісі осы жұмысқа бармайды. Себебі жалақысы төмен. Бас кезінде 25 мың теңге болған.

Қазір жаңадан келген мамандар 120-150 мың алады. Оған жастар келгісі келмейді. Біз оларды әйтеуір алдап, жобалармен қызықтырып, жұмысқа алып отырамыз. Мысалы, биыл политехті бітірген жас мамандарды алдық, - дейді Досымбекова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама