×

Қазақстандық сейсмологтар бүгін тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді

Жерасты дүмпулері 1 сағат айырмашылықпен болған

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 13:31
фото: kronwerk.ru

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 2024 жылғы 24 қаңтарда тағы 2 жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтар бұл екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Қытайда – Алматыдан 268 шақырым және оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде орналасқанын түсіндірді. Жерасты дүмпулері 1 сағат айырмашылықпен болған.

8 сағат 54 минут 03 секундта:

жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,4;

MPV магнитудасы – 5,1;

Эпицентр координаттары – 41,13° солтүстік. 78,56°D;

тереңдігі – 5 шақырым.

9 сағат 56 минут 25 секундта:

жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,6;

MPV магнитудасы – 4,7;

Эпицентр координаттары – 41,12° солтүстік. 78,56°D;

тереңдігі – 7 шағырым.

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметтері бойынша, екі жағдайда да Қазақстан аумағындағы дүмпу сезілмеген.

Олардың бұған дейін 3 жер сілкінісін тіркегені де хабарланды.

Сағат 2:38-де:

Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым;

Сағат 7:35-те:

Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым;

Сағат 8:39-да:

Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 212 шақырым жерде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама