×

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады

Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді

 Халық үні 23.01.2024 | 23:42
фото: tengrinews.kz

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 Республикалық жедел штабтың кезекті отырысына азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және ТЖМ аумақтық бөлімшелері қатысты.

 Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс өткізу барысында ТЖ министрі ТЖ жағдайында қауіпсіз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тартылған азаматтық қорғау қызметтерінің жұмыс барысы туралы жаңартылған баяндамаларды тыңдады.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті.

ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматы қаласының аумағында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 164 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Осыдан кейін 15 сағат 23 минут және 15 сағат 24 минутта Қазақстан аумағында сезілмеген дүмпулер болды. 18 сағат 09 минутта эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында Қазақстан аумағында сезілмеген жер сілкінісі тіркелді.

Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 19 объектіде жарықтар табылды.

 Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында жағдай тұрақты.

 «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама