×

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакидің елге кіргізілмейтінін айтқан

 Халық үні 23.01.2024 | 22:50
Фото: gleb-klinov.livejournal.com

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды inform.kz.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», – деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», – дейді Мария Захарова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама