×

Алматыдан 252 шақырым жерде тағы жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

 Халық үні 23.01.2024 | 21:05
Фото: aikyn.kz

23 қаңтарда сағат 18:09-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1, ал MPV магнитудасы - 5,4. Эпицентрдің координаттары - 41.42° С. Е. 78.80° ш.б., тереңдігі - 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша, Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама