×

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс болды

Басқарма мен комитет басшылары ауысты

 Дәурен Ерболат 23.01.2024 | 17:10
Фото: polisia.kz

ІІМ-де ауыс-түйіс болды, деп хабарлады polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы қызметіне Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін басқарған.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Бұған дейін ол Шымкент қаласы және Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған.

Сондай-ақ Жетісу облысы полиция департаментінің басшысы қызметін Сарқытбай Құсайынов атқаратын болды. Бұл қызметке дейін ол ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама