×

Алматыда тағы да жер асты дүмпуі болды

Жерасты дүмпулері 05:19-да тіркелген

 Халық үні 23.01.2024 | 08:25
фото: скриншот

Алматы облысында қаңтардың 23-і тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуі Алматыда 2-3 балл шамасында болғаны сезілген. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД мәліметінше, жерасты дүмпулері 05:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. МSK-64 шкаласы бойынша, Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл сияқты сезілген.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, полиция бөлімін, «Қазселқорғау», прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ, - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама