×

Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)

Енді Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 22.01.2024 | 10:47
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.

Әуелі ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, одан бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ал матчтың соңында тағы бір брейк жасап, қарсыласынан 6:3 есебімен айласын асырды.

Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Енді Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама