×

Еліміздегі 4 учаскеде тағы да жол жабылды

 Халық үні 20.01.2024 | 23:05
фото: alataunews.kz

QazАvtoJol 20 қаңтар күні сағат 18:00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді. 

Ақтөбе облысында - 1 учаске
1.«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді а. -Атырау обл.шек. - 75 км (бұрқасын).

Жамбыл облысында - 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. - 79 км
(қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске
1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1.«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек.-Орал қ. – 51 км. (РФ ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 652 жолшы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама