×

«Пахтакор» футбол клубы жекеменшікке сатылады

ЖШС 100 пайыз мемлекеттік үлесін сатылымға шығарды

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 12:19
Фото: upl.uz

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мемлекеттік үлесін сатылымға шығарды, деп хабарлады uza.uz.

Клубты сатып алатын адамнан немесе кәсіпкерлік субъекттен футбол клубының қызметін қолдау, дамыту, команданы халықаралық деңгейге шығару, футбол клубының балансындағы барлық спорттық құрылыстарды, оның ішінде футбол алаңын тек спорттық іс-шаралар мақсатында пайдалану талап етіледі.

Сонымен бірге мемлекет клубта сатып алушыдан «Пахтакор» футбол клубы академиясының қызметін қолдау және дамытуды талап ететінін хабарлады.

«Пахтакор» – Өзбекстанда 1956 жылдан бері кәсіпқой футбол клубы.

Команда КСРО кезінде Одақтық чемпионатта 6-орын алған. Бұл – клубтың Кеңес Одағы кезіндегі үздік нәтижесі. 1992 жылдан бері «Пахтакор» Өзбекстанның 15 дүркін чемпионы атанған. Алты рет вице-чемпион болған. Екі рет ел чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Өзбекстан кубогының 13 дүркін иегері. Үш рет кубок жолындағы жарыстың финалына шыққан. 2021 жылы Өзбекстан Суперкубогының иегері атанған. Ал Азия футбол конфедерациясының Чемпиондар лигасында екі рет – 2002-2023 жылғы маусымда және 2024 жылы жартылай финалға дейін жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама