×

БҚО-да әкімдік 120 млн теңгенің жер телімін 725 мың теңгеге сатып жіберген

Мемлекетке аса ірі көлемде залал келген

 Халық үні 19.01.2024 | 08:40
фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден ірі көлемдегі жалпы аумағы 40 гектар (400 000 шаршы метр — 4 000 сотық жер) жер телімі «бағбандық және саяжай құрылысына» берілгені анықталған.

Сонымен қатар мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз төмендетіліп, 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған.

Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны — 119,8 млн теңге.

Осының салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде залал келген.

Осының негізінде, прокурорлық тексеру материалы тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істі тергеу Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.

Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Мемлекетке келген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама