×

Мемлекет басшысы Италия Президентімен келіссөз жүргізді

Италия — Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі

 Халық үні 18.01.2024 | 22:55
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан Президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ уақыттан бері өзара тиімді сипатта дамып келе жатқанын жеткізді.

Мен бүгін өзара мүддені көздейтін мәселелерді, атап айтқанда, экономикалық байланыстарды дамыту және екі елді өркендетуге бағытталған қатынастарды нығайту, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылағым келеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама