×

Қазақстандық БАҚ өкілдері ҰҚК-ге жүгінді

Кибершабуылдар өткен жылдың желтоқсан айында басталған

 Еркеғали Болатұлы 18.01.2024 | 13:55
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстандық БАҚ өкілдері желтоқсан айының соңында өткен кеңестің қорытындысы бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қол қойғандар арасында Kursiv.Media, Inbusiness.kz сайты, ProTenge және Airan жобаларының өкілдері, блогер Асхат Ниязов және басқа да БАҚ өкілдері бар.

Кеңесте БАҚ пен IT секторының өкілдері кибершабуылдардың жиілеуі және олардан қорғану мүмкіндіктерін талқылаған. Бүгін медиа саласының өкілдері кибершабуыл мәселесін талқылау үшін тағы да бас қосты. Нәтижесінде Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму министрліктерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен байланыс орнату туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетсек, қазақстандық БАҚ-қа кибершабуылдар өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Бұл туралы бірінші болып ҚазТАГ, Курсив және ProTenge мәлімдеді. Қаңтарда «ОБОЖАЮ» жобасының авторы Асхат Ниязов та өз ресурстарына шабуыл жасалғанын жария етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама