×

Ертең Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе талқыланады?

Қазақстан БҰҰ-ның БҰҰ-ның бітімгерлік операциясына әскер жіберуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 18.01.2024 | 10:57
фото: Halyq Uni

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Парламенттің құзыретінде Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі, Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбітшілік миссияларды орындау үшін президенттен тиісті ұсыныс болса, бұл тақырып Парламенттің бірлескен отырысына шығарылады. Сондықтан ертеңгі отырыста осы мәселе қаралмақ, - деді Ақмарал Әлназарова Сенатта өткен баспасөз мәслихатында.

Депутат Қазақстан әскері қайда баратынын білмейтінін жеткізді.

«Бұл – бұрыннан бар тәжірибе. Қазақстан осыған дейін бітімгершілік күштерін жіберген. Сондықтан бұл жұмыс жоспарлы түрде іске асырылады. БҰҰ қайда бару керектігін анықтады. Ертең Парламенттің бірлескен отырысында осыны білетін боламыз», - деді сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама