×

Биыл 28 темір жол вокзалы жөнделеді

Жолаушылардың жүріп-тұруы шектеледі

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 16:41
Фото: Halyq Uni

Биыл 28 темір жол вокзалына жөндеу жұмысы жүргізіледі. Атап айтқанда, инженерлік жүйелер, кіру топтары, шатыр, жолаушылар платформалары мен басқа да орындар жөнделеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлады.

Компанияның хабарлауынша, жақында күрделі жөндеу жұмыстары Астана темір жол вокзалынан басталады. Жөндеу жұмыстары болып жатқан жерде адамның жүріп-тұруы шектеледі. Бірақ вокзал үздіксіз жұмыс істейді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін белгілі болады.

Ауқымды жаңарту шеңберінде қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары да жаңғыртылатын болады. Сондай-ақ инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық тобы үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама