×

Арқалықтың маңынан аязда жоғалған малшы табылды (ВИДЕО)

Құтқарушылар оны 3 күн іздеді

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 13:40
Фото: polisia.kz

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен полицейлер 13 қаңтарда аязда жоғалып кеткен малшыны тапты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жоғалған адам 13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда бір топ малшымен бірге жылқыларды іздеуге шыққан.

Малшылар көлікпен іздеуге шығып, жылқыларды Ақмола облысынан тапты. Содан кейін көлік қарда тұрып қалып, малшылардың біреуі жылқыларды күзетемін деп жоғалып кетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 50 адамнан тұратын топ 3 күн бойы іздеу жұмыстарын тоқтатпады.  Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жоғалған адамның өміріне немқұрайлы қарамаған жергілікті тұрғындар оны жаппай іздеуге кірісті. Ауа райының қолайсыздығы тікұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеді, – делінген хабарламада.

Порталдың мәліметіне қарағанда, 16 қаңтарда жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ Астана қаласынан ұшып келген. Малшыны іздеуге барлық ресурстар, соның ішінде тікұшақтар, жол талғамайтын көліктер мен қарда жүретін көліктер тартылды.

Жоғалған малшыны полиция қызметкері Восточное ауылының маңынан тапқан. Үсік шалған малшы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама