×

Нысана көздеу: Азия чемпионатында құраманың қоржынына үш медаль түсті

Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, құрмет тұғырына көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 10:43
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан мергендері тағы 3 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы да құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді.

Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде құрамында Андрей Худяков, Илья Зотеев пен Асадбек Назиркульев бар еліміздің ерлер командасы жарыс қожайыны – Индонезияны алға шығарып, күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы мұнда 1 654 ұпай жинады.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Азия чемпионатының 4 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдесі бар.

Бүгін ауыспалы қарқындағы жылжымалы нысана көздеу сайысынан кейін құрлық чемпионаты аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама