×

Жетісу облысындағы депутаттың өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Полиция қылмысқа Слямовтың қызметінің қатысы жоқ деп отыр

 Халық үні 16.01.2024 | 22:23
Фото: Жетісу облысы полиция департаменті

Депутатты көптің көзінше өлтіріп кетті. Жетісу облысында осы қылмысқа барған күдіктіні полицейлер көпке ұзатпай қолға түсірді. Жас жігіт Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап тастаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Полиция қылмысқа Слямовтың қызметінің қатысы жоқ деп отыр. Дәурен Слямов кездейсоқ кикілжің кезінде ажал құшқан. Үшаралдағы салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшылар төбелесіп, депутат араша түскен көрінеді. Сол кезде суық қаруын ала жүгірген қаскөй пышағын Слямовқа сұғып алған. 37 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екені анықтады. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталған адам Алакөл ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», - деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама