×

Астанада Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін турнир өтеді

Турнир 10-12 мамырға жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 09:40
Фото: ijf.org

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесіне сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстрылды. Турнир 10-12 мамырға жоспарланып отыр.

Бұл жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады.

Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бірінші орын үшін 1000 ұпай, екінші орынға 700 ұпай, үшінші орын үшін 500 ұпай беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама