×

Қарағандыда өрттен 14 адам құтқарылды

 Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 14.01.2024 | 12:00
Фото: gov.kz

Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама