×

«Заңдағы ұры»: 10 жылдан аса уақыт іздеуде болған ер адам Алматы әуежайында ұсталды

Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

 Халық үні 13.01.2024 | 21:52
Фото: polisia.kz

Он жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде жүрген ер адам Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды.

Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған ер адамның Самарқан Ахметов екені белгілі болды. Ол қылмыс әлемінте Самар лақап атымен танылған. Ол 2012 жылы Грекия архипелагында «заңдағы ұры» атағын алған. «Қазақтанға» жауапты болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама