×

Алматы облысында зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер 12 жылдан кейін ұсталды

Ол Өзбекстанның Үшқорған қаласында қолға түскен

 Еркеғали Болатұлы 13.01.2024 | 14:53
фото: zakon.kz

Алматы облысында екі зейнеткерді өлтіріп кеткен қылмыскер 12 жылдан кейін Өзбекстанда ұсталды.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 2 адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстаған.

Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен, - деді Руслан Назаров.

Ал Астана полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірге ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтады. Олар бұған дейін ұсталған тағы 2 фирма директорымен бірге 2020 жылы 144 үлескердің ақшасын жымқырып кеткен. Шығынның жалпы сомасы – 4 млрд теңге.

Жалпы, биыл жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталған. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама