×

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы да шабуыл жасады

Сана қаласының бірнеше ауданы мен Ходейда провинциясында қуатты жарылыстар болған

 Еркеғали Болатұлы 13.01.2024 | 11:50
фото: dzen.ru

АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге қайтадан соққы берді. БАҚ мәліметінше, әуе шабуылы Сана қаласының солтүстігінде жасалған. 

Al Manara телеарнасының хабарлауынша, Сана қаласының бірнеше ауданы мен Ходейда провинциясында қуатты жарылыстар болған. Соққы Әл-Дайлами әуе базасы, Ходейда әуежайы мен жағалау радарларына, бақылау пунктеріне жасалған. 

Ал АҚШ президенті Джо Байден журналистерге берген сұхбатында хуситтерді «террористік ұйым» деп атап, Қызыл теңізге шабуылды тоқтатпаса, Пентагон да қарап қалмайтынын хабарлаған болатын. Өз кезегінде хуситтер де палестиналықтарды қолдау мақсатында әрекет етіп жатқанын және АҚШ пен Ұлыбританияның соққысына міндетті түрде жауап беретінін мәлімдеді. 

Алайда АҚШ кең көлемді соғыс жариялағысы келмейтінін жеткізді. Дегенмен The New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбританияның әрекеті Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың ауқымды аймақтық жанжалға ұласқанын атап өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама