×

Елімізде құрылыс нысандарын салу арзандауы мүмкін

Болаттың 7 түріне талдау жасалды

 Дәурен Ерболат 13.01.2024 | 10:10
Фото: Halyq Uni

Қазақстандағы қалыпты және сеймикалық аумақта құрылыс нысандарын салу арзандауы мүмкін, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғалымдары болаттың беріктігі мен деформациялық сипаттамаларының Еурокод 1993 талабына сәйкестігін анықтау бойынша құрылымдық болатты зерттеуді аяқтады. Мұндай зерттеу алғаш рет жүргізілді.

Зерттеу барысында мамандар еліміздегі және Ресейдегі 2 зауытта өндірілген әртүрлі қалыңдықтағы құрылымдық болаттың 7 түріне талдау жасады. Зерттеу барысында құрылымдық болаттың негізгі параметрлері 1993 жылғы Еурокод пен ұлттық қосымшалардың талабына сәйкес келетіні анықталды.

Қаттылықты сынау үшін құрылымдық болаттың 216 үлгісі дайындалды. Сынақтар ҚР СТ және ЕN СТ әдістемесіне сәйкес +20, -20, -40 градус температурада жүргізілді.

Сондай-ақ зерттеу барысында дәнекерленген қосылыстардың 35 үлгісінің қаттылық сипаттамасы алынды. Дәнекерленген қосылыстарды сынау кезінде негізгі металда үзіліс болды.

Сонымен қатар бұрандалы қосылыстардың 2 түрін созу сынағы, бұрандалы қосылыстардың ең шеткі қатарын жою схемалары. орындалды.

Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан өндірісінің құрылымдық болаты үшін Еурокод 1993 талабы орындалады.

Жұмыстың негізгі нәтижелері отандық конструкциялық болатты пайдалана отырып, Қазақстанның қалыпты және сейсмикалық аудандарында болат конструкцияларын жобалауға мүмкіндік береді. Бұл еуропалық болаттың импортын алып тастау немесе азайту арқылы құрылыс нысандарының құнын төмендетеді деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.

Зерттеудің қорытындысы бойынша нормативтік құжаттарға қажет өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, болат құрылыста конструкцияларды, арматураларды, темірбетон конструкцияларын, шатыр жабындарын, тіректерді, қоршауларды, темірбетон бұйымдарының нысандарын және тағы басқа материалдарды жасауға қолданылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама